Басқару серверін орнату параметрлері

Төмендегі кестеде, Басқару серверін орнату кезінде конфигурациялауға болатын MSI сипаттары сипатталған. EULA және PRIVACYPOLICY қоспағанда, барлық параметрлер міндетті емес.

Басқару серверін тыныш режимде орнату параметрлері

MSI сипаты

Сипаттамасы

Қолжетімді мәндері

EULA

Лицензиялық келісімнің шарттарымен келісу (міндетті параметр).

  • 1 – Мен Лицензиялық келісімді толығымен оқып шыққанымды және оның шарттарын қабылдайтынымды растаймын.
  • Басқа мән немесе белгіленбеген – Лицензиялық келісімнің шарттарымен келіспейсіз (орнату жүзеге асырылмайды).

PRIVACYPOLICY

Құпиялық саясатының шарттарымен келісу (міндетті параметр).

  • 1 – Менің деректерім Құпиялылық саясатында сипатталғандай өңделетінін және тасымалданатынын (соның ішінде үшінші тараптарға) білемін және оған келісемін. Құпиялылық саясатын толықтай оқып, түсінгенімді растаймын.
  • Басқа мән немесе белгіленбеген – Мен Құпиялылық саясатының шарттарын қабылдамаймын (орнату орындалмайды).

INSTALLATIONMODETYPE

Басқару серверін орнату түрі.

  • Стандартты.
  • Таңдаулы.

INSTALLDIR

Бағдарламаны орнату қалтасы.

Жол мәні.

ADDLOCAL

Орнату үшін құрамдастар тізімі (үтір арқылы).

CSAdminKitServer, NAgent, CSAdminKitConsole, NSAC, MobileSupport, KSNProxy, SNMPAgent, GdiPlusRedist, Microsoft_VC90_CRT_x86, Microsoft_VC100_CRT_x86.

Басқару серверін дұрыс орнату үшін жеткілікті құрамдастардың минималды тізімі:

ADDLOCAL=CSAdminKitServer, CSAdminKitConsole, KSNProxy, Microsoft_VC90_CRT_x86, Microsoft_VC100_CRT_x86

NETRANGETYPE

Желінің өлшемі.

  • NRT_1_100 – 1-ден 100 құрылғыға дейін.
  • NRT_100_1000 – 101-ден 1000 құрылғыға дейін.
  • NRT_GREATER_1000 – 1000-нан астам құрылғы.

SRV_ACCOUNT_TYPE

Басқару сервері қызметінің жұмыс істеуі үшін пайдаланушыны белгілеу тәсілі.

  • SrvAccountDefault – пайдаланушы есептік жазбасы автоматты түрде жасалады.
  • SrvAccountUser – пайдаланушы есептік жазбасы қолмен белгіленген.

SERVERACCOUNTNAME

Қызметке арналған пайдаланушы атауы.

Жол мәні.

SERVERACCOUNTPWD

Қызмет үшін пайдаланушы құпиясөзі.

Жол мәні.

DBTYPE

Дерекқор түрі.

  • MySQL – MySQL немесе MariaDB дерекқоры қолданылады.
  • MSSQL – Microsoft SQL Server (SQL Express) дерекқоры қолданылады.

MYSQLSERVERNAME

MySQL немесе MariaDB серверінің толық атауы.

Жол мәні.

MYSQLSERVERPORT

MySQL немесе MariaDB серверіне қосылуға арналған порт нөмірі.

Сандық мән.

MYSQLDBNAME

MySQL немесе MariaDB сервері дерекқорының атауы.

Жол мәні.

MYSQLACCOUNTNAME

MySQL немесе MariaDB серверінің дерекқорына қосуға арналған пайдаланушы атауы.

Жол мәні.

MYSQLACCOUNTPWD

MySQL немесе MariaDB серверінің дерекқорына қосуға арналған пайдаланушы құпиясөзі.

Жол мәні.

MSSQLCONNECTIONTYPE

MSSQL дерекқорын қолдану түрі.

  • InstallMSSEE – пакеттен орнату.
  • ChooseExisting – орнатылған серверді қолдану.

MSSQLSERVERNAME

SQL Server үлгісінің толық атауы.

Жол мәні.

MSSQLDBNAME

SQL Server дерекқорының атауы.

Жол мәні.

MSSQLAUTHTYPE

SQL Server серверіне қосылу кезіндегі түпнұсқалық растама тәсілі.

  • Windows.
  • SQLServer.

MSSQLACCOUNTNAME

SQL Server серверіне SQLServer режимінде қосылу үшін пайдаланушы атауы.

Жол мәні.

MSSQLACCOUNTPWD

SQL Server серверіне SQLServer режимінде қосылу үшін пайдаланушы құпиясөзі.

Жол мәні.

CREATE_SHARE_TYPE

Ортақ қатынасы бар қалтаны белгілеу тәсілі.

  • Create – ортақ қатынасы бар жаңа қалтаны жасау. Бұл жағдайда, келесі сипаттар белгіленуі тиіс:
    • SHARELOCALPATH – жергілікті қалтаға апаратын жол.
    • SHAREFOLDERNAME – қалтаның желілік атауы.
  • Бос – EXISTSHAREFOLDERNAME сипаты белгіленуі тиіс.

EXISTSHAREFOLDERNAME

Қолданыстағы ортақ қатынасы бар қалтаға апаратын толық жол.

Жол мәні.

SERVERPORT

Басқару серверіне қосылуға арналған порт нөмірі.

Сандық мән.

SERVERSSLPORT

Басқару серверімен SSL қосылымын орнатуға арналған порт нөмірі.

Сандық мән.

SERVERADDRESS

Басқару сервері мекенжайы

Жол мәні.

SERVERCERT2048BITS

Басқару серверінің сертификатына арналған кілттің ұзындығы (бит түрінде).

  • 1 – Басқару серверінің сертификатына арналған кілттің ұзындығы 2048 битті құрайды.
  • 0 – Басқару серверінің сертификатына арналған кілттің ұзындығы 1024 битті құрайды.
  • Егер параметр белгіленбесе, онда Басқару серверінің сертификатына арналған кілттің ұзындығы 1024 битті құрайды.

MOBILESERVERADDRESS

Ұялы құрылғылар қосылатын Басқару серверінің мекенжайы; MobileSupport құрамдасы таңдалмаса, еленбейді.

Жол мәні.

Сондай-ақ, қараңыз:

Жалпы ақпарат

Тыныш режимде орнату (жауаптар файлымен)

Желілік агентті тыныш режимде орнату (жауаптар файлы жоқ)

Желілік агентті орнату параметрлері

Желілік агентті тыныш режимде орнату

setup.exe арқылы орнату параметрлерін ішінара конфигурациялау

Басына оралу